«Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 363 Қаулысы (2006.15.06. берілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Біздің жағдайда инновациялық экономиканы жасау және дамытудың бір ғана жолы бар: мемлекеттің ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың жеткілікті деңгейін (оларды бөлудің тиімді тетігімен қоса) және ғылымды қажетсінетін бизнес үшін пайдалы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін жауапты және дәйекті ғылыми-техникалық саясатты жүргізу.

Ондаған жыл ішінде жүргізілген ондай саясатты табысты іске асырудың үлгісі бүгінгі таңда Қазақстанда бар ғылыми дамудың деңгейінен едәуір төмен деңгейден бастаған Жапония және Оңтүстік Корея болып табылады. Қытай да осы жолмен дамуда. Бұл елдерде, сондай-ақ АҚШ-та және Еуроодақта қолданбалы ғылым іргелі ғылыммен тығыз байланыста. Іргелі ғылым қолданбалы ғылым және жоғары білім беру үшін "қоректік орта" болып табылады, ал мемлекет жоғары технологиялық бизнеске идеялар мен адамдардың ағынын ынталандырады.

Бүгінгі таңда іргелі және қолданбалы ғылым арасында айырмашылық жоқ, әсіресе кейбір басым салаларда. Соңғы 15 жылда әлемдік постиндустриялық жетекшілерге шыққан Финляндияның (Швеция, Швейцария секілді) көзге түсетін іргелі ғылымы жоқ.

Мемлекет осы уақытқа дейін зияткерлік меншікті иелену, пайдалану және басқарудың жалпы таныған әлемдік стандарттарға көшкен жоқ. Зияткерлік меншікті пайдалануға байланысты ең маңызды мәселелердің бірі көлеңкелі технологиялар экспорты болып табылады.

Жаңа технологияларды әзірлеумен айналысатын көптеген фирмалар шетелдік патенттеу және шетелдік компанияларға лицензия беруді жөн көреді. Әдетте, шетелдегі патенттеу Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасын бұзумен жүргізіледі.

Шетелдік патенттеу салдарынан қазақстандық экономика жаңа технологияларды іске асырудың тиімді экономикалық және құқықтық тетіктері бар елдер алатын пайданың бөлігінен айырылады.

Зияткерлік меншіктің қажет болмау нәтижесінде білікті мамандар жаппай кетуде.

Қазақстандық патенттік заңнамасында оны іске асыру тетіктері және құқықтарды бөлу туралы істерді қараудың соттық практикасы дамыған жоқ. Зияткерлік меншіктің құқықтарын бұзу патент иесіне оның ерекше құқықтарын қорғауға кепілдік бермейтін патенттеу практикасының жетілмегендігімен шарттасады. Бұл себептер қатарынан болып жатады. Патенттеудің үш түрі бар: идеяларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді. Әр кезеңде біреу патенттелген әзірлемені алып, оны кішкене өзгертіп, өзінікі сияқты патенттеуге болады. Егер идея патентпен қорғалған, бірақ іске асырылмаған болса, жеткілікті ғылыми және қаржылық мүмкіндіктерге ие компания оны пайдаланады, Қазақстанда және басқа да ғылыми-зерттеу әзірлеме ретінде патенттеледі және нақты өнім болып шығарылады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы новациялардың авторлары патенттеуге тек новация жаппай өндіріске дайын немесе шетелге сатылатын кезде патенттеуге жүгінеді. Сонымен бірге патенттерді тіркеу көп уақытты талап етеді. "Инсайдерлік" көмек алған компания оны шетелде патенттейді, бұл оның шын иегерін көптеген құқықтары мен мүмкіндіктерінен айырады.

Осы уақытқа дейін құқықтардың тиесілігі саласында нақты саясат жоқ. Инновациялардың авторы өз идеяларын мемлекеттік кәсіпорында дамытуға ынтасы жоқ. Перспективалы идеялар жеке секторға кетеді. Оның нәтижесінде жұмысшылар мен жұмыс берушілер, азаматтық-құқықтық шарт бойынша орындаушы мен тапсырыс беруші арасында теріс пиғылды бәсекелестік пайда болады. Мемлекет үшін бұл жоғалған пайданы білдіреді.

Қолданыстағы заңнама мемлекеттік қаржыландыру негізінде құрылған объектілерді ерекше белгілемейді. Сондықтан оларға қызметтік тапсырманы орындау нәтижесінде жасалған зияткерлік меншік объектілеріне қолданылатын құқықтық нормалар қолданылады.

Мемлекет зияткерлік меншік құқықтарын бұзған үшін санкциялар қатаңдалуы тиіс. Қолайлы баға саясаты да қажет. Қарақшылық өнімнің әлеуетті сатып алушыларын тарту үшін құқық иеленушісі зияткерлік өнімге бағаны төмендетуі тиіс.

Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды ұйымдастыруды бекіту және пайдалану жағдайлары тиісті республикалық атқарушы өкімет органдары, мемлекеттік мәртебеге ие ғылым академиялары, көрсетілген бюджеттік қаражаттың басты билеушісі болып табылатын мемлекеттік ғылыми қорлармен шартта көрініс табуы тиіс.

Көрсетілген ережелер ғылыми зерттеулерді қолдаудың мемлекеттік қорларының жұмысы үшін өте маңызды. Бая - Доул заңдарының қазақстандық аналогтарын және бір уақытта коммерциялау үшін жағдайларды қалыптастырумен орындаушы ұйымдарға бұл нәтижелерге арналған құқықтарды бекіту қағидатына негізделе отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жасалған зияткерлік қызметтің нәтижелерін сақтау, қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша басқа да заңнамалық кесімдерді әзірлеу қажет.

Қазақстанда экономиканың инновациялық даму саласындағы, атап айтқанда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет салаларында экономикалық тетіктерді тиімді енгізу үшін жаңа заң және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді жасау, сондай-ақ барын нақтылау қажет.

Мысалы, елде осы уақытқа дейін микробиологиялық ресурстардың айналымын реттейтін заң жоқ. Оларды шұғыл әзірлеу қажет.

Ғылыми және инновациялық қызметті мемлекеттік қаржыландырудың бағыттарын кеңейту, технологиялық инновацияларды инвестициялауға дайын даму институттар үшін жағдай жасау, биотехнология дамуының артықшылығын заңнамада бекіту қажет.

Мемлекет сонымен қатар қатерлерді бөлу, салық жүктемесін азайту, инфрақұрылымға инвестициялаудың әртүрлі кедергілерді жою жолымен жеке капитал үшін елеулі преференциялар жасау тиіс.

Жалпы бейтарап салық заңнамасы қазіргі уақытта жоғары технологиялық салаларға қатысты жанама (салық, кедендік, амортизациялық) реттеуді жүзеге асырады, бір уақытта реттеу ынталы болуы тиіс.

Атап айтқанда, ғылыми әзірлемелерді коммерциялау мақсатында бастамашылық және қатерлі зерттеулер бөлігінде конкурстық іріктеудің қосымша критерийлерін енгізу қажет:

енгізу мүмкіндігі және сатып алудан коммерциялық тиімділік алу тұрғысынан жоспарланған зерттеудің аяқталғандығы;

зерттеу нәтижелерін кейіннен іске асыру бойынша маркетингтік пысықтаудың болуы және дәрежесі.

Отандық ғылыми мектептердің жаңа буынын қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет. Жаратылыстану-ғылыми және техникалық ЖОО-ға жастардың мүддесін қолдау және дамыту, соңғы жылдары ол біршама өскен. Ол үшін жас мамандарға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласына бару ынтасын заңнамада бекіту, ғылым мен білім берудің жақындалуын жылдамдату және шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғылыми диаспораның әлеуетін пайдалану қажет. Кадрлық мәселені шешу отандық іргелі ғылымның қайта жаңару және қолданбалы ғылымның даму процесіне сапалы жаңа тыныс береді.

Университеттер мен ғылыми ұйымдарда инновациялық мәдениетті, ғылымдағы осы заманғы менеджментті, қоғамдық қажеттіліктер және сұранысқа бағыттылықты қалыптастыру қажет. Заңнамалық база бюджет қаражатын тиімді пайдалануға кепілдік беруі тиіс. Қаржыландырудың жаңа тетіктерін және дамыған өндірістік-технологиялық және ақпараттық инфрақұрылыммен ғылыми қызметті ұйымдастырудың жүйесін енгізу, лицензиялау, сертификаттау патенттеу процестерін жеңілдетуі тиіс.

Қазақстандағы заңнамалық базаны дамытудың мақсаты мыналар болуы тиіс:

рыноктық экономикаларға тән жаңа инновациялық жүйенің жұмыс істеуі;

өнеркәсіптің жеке секторын және қызметтер көрсету саласын ("фирмаішілік ғылым"), шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес коммерциялық емес ғылыми, талдамалы, консалтингтік және басқа да орталықтарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

биотехнология саласын ең маңызды ұлттық артықшылық деп тану ҰБО негізінде биотехнологиялық кластерді жасау;

биотехнология, биоинженерия және биологиялық қауіпсіздікті дамытуды басым қаржылық қамтамасыз ету;

әлемдік стандарттарға сай ғылыми-өндірістік инфрақұрылымды жасау;

биотехнология, биоинженерия және биоқауіпсіздік жөніндегі республикалық бағдарламаны орындау үшін жас дарынды зерттеушілерді тарту, оларға тиімді өндірістік, тұрғын-үй және қаржылық жағдайларды жасау;

биотехнология, биоинженерия және биоқауіпсіздік жөніндегі зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері туралы елдің бүкіл халқын тұрақты объективті ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

биотехнология, биоинженерия және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

елде биотехнология, биоинженерия және биоқауіпсіздік жөніндегі мамандандырылған республикалық кеңесті құру.

Бірлескен халықаралық жобаларды орындау біздің еліміздің артта қалуын жоюға және ғылым мен өндірістің осы саласында жоғары дамыған елдермен қатар тұруға мүмкіндік береді.

 

 

4. Ғылым және инновациялық қызметті басқарудың жаңа моделіне сәйкес

Ұлттық биотехнология орталығын дамыту

 

Биотехнологияның қарқынды дамуындағы мемлекеттің ұстанымын ескере отырып, Ұлттық биотехнология орталығын қалыптастыру, бейінді ҒЗИ және ЖОО пайдалану, сондай-ақ биоиндустрия жасау мақсатында:

ҰБО-ын дамытудың мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы;

Орталықтың өндірістік-технологиялық инфрақұрылымын мемлекеттік инвестициялауы;

ғылымның биотехнология саласының дамуында Мемлекеттің тікелей қатысуынсыз биотехнологияның нақты дамуының мүмкін болмайтындығын алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелері көрсеткендей Ұлттық биотехнология орталығын акционерлеуді мемлекеттің акционерлік қоғамдарының 100 пайыз қатысуымен құру;

бюрократиялық қол сұғушылықтардан тәуелсіз, ғылыми-зерттеу көзқарастары жалпы ғалымдар топтарынан тұратын ҒЗТКӘ жобаларын іске асыру үшін барынша бейім жағдайлармен автономиялық ғылыми құрылымды жасау; әр топтың жетекшісі - әлемдік ғылыми қоғамда өзін жағымды жағынан көрсеткен және ұйымдық жұмыс тәжірибесі бар ғалым;

қолайлы салық және инвестициялық режимді жасау, «Инновациялық қызмет туралы», «Ғылым туралы», «Білім беру туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Салық кодексіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

патенттеу жүйесін дамыту;

жетекші халықаралық корпорациялар және компаниялармен бірлестіктерді құру қажет.

Ғылымды қажетсінетін өндірістер рыногында Ұлттық биотехнология орталығы қызметінің стратегиясы жетекші әлемдік ғылыми орталықтардың критерийлері бойынша ҒЗТКӘ үшін жағдайлар жасайтын болуы қажет:

ғылыми және академиялық этика, төзімділікке бейімділік

еркін ақпарат алмасу үшін жағдай жасау

ғылыми топтар басшыларының экономикалық тәуелсіздігi

ғылыми және білім беру процестердің бірігейлігі. Халықаралық стандарттарға сай ұлттық ғылыми кадрларды мақсатты даярлау.

ВСD фирмасы 2001 жылы дайындаған әлемнің үздік инновациялық орталықтар туралы баяндамасында табыстың негізгі критерийлері айқындалған. Олар бесеу екен:

зерттеу институттарына жақындығы,

тәжірибені тарату үшін корпоративтік нұсқаулардың бар болуы,

кәсіпкерлік зияткер,

кадрларды тарту мүмкіндігі,

венчурлық капиталға қол жеткізу.

Осы тізбеден шығатын нәтиже бес индикатордың үшеуі менеджмент және кадрларды даярлау сапасына қатысты. Сондықтан зерттеу топтарының басшысы ретінде әлемдік атаққа ие ғалымдарды тарту өте маңызды болып табылады.

ҰБО-ның бәсекеге қабілеттілігi

кадрлармен.

Ғылыми топтарының жетекші шетелдік университеттерде, медициналық зерттеу орталықтарында, биотехнологиялық компанияларда және ұлттық зертханаларда жұмыс істеу тәжірибесі бар жоғары білікті басшылары;

материалдық-техникалық базамен.

Жетекші батыс зертханалары деңгейіндегі ғылыми-эксперименталдық база (GLP стандарты бойынша зертханаларды жасау, осы заманғы жабдық, материалдар);

өзін-өзі қаржыландырумен:

қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы «Ғылым туралы» Заңының субъектісі және ғылым саласындағы барлық мекемелермен тең жағдайда өзінің әрекеті етеді, әрі конкурсқа қатысу арқылы бағдарламалық-нақты қаржыланады.

Халықаралық гранттар және ғылыми әзірлемелерді коммерциялау арқылы 5-7 жыл ішінде өзін-өзі қаржыландыруға көшу. Өзін-өзі қаржыландыруға көшу зерттеулердің бәсекелестікке қабілеттілігінің кепілі болып табылады.

 

Республиканың экономикасында және ғылымды қажетсінетін өндірістер

рыногында Ұлттық биотехнология орталығының позициясын нығайту

 

ҰБО-ның ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы инновациялық қызметіндегі бірінші кезекті шаралар мыналарға бағытталуы тиіс:

іс жүзіндегі ғылыми әзірлемелердің сараптамасына, аяқталған жоғары сапалы әзірлемелерді барынша тираждау және оларды отандық және халықаралық рыноктарда сату;

республикада озық ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту үшін қажет шетелдік патенттер мен лицензияларды сатып алу; оларды жергілікті жағдайларға икемдеу;

сатып алынған технологияларды перспективаға жетілдіру немесе олардың негізінде жаңа жетістіктерді жасау бойынша зерттеулер жүргізу;

кадрлық әлеуетті қалыптастыру, отандық ғылыми мектепті құру үшін әлемдік атаққа танылған ғалымдарды тарту;

осы заманғы ғылыми-эксперименталдық инфрақұрылымды, зертханаларды және зерттеу базасын қалыптастыру;

инновацияларды іс жүзіндегі ғылыми-технологиялық және өндірістік базаларда, негізінде жетілдіретін технологиялар деңгейінде іске асыратын шағын өндірістерді үздіксіз жасау және қолдау.

Содан кейін жаңа ғылымды қажетсінетін технологиялар мен өндірістерді жасау бойынша өзінің перспективті зерттеулер жүргізу міндетті болып табылады. ҰБО-ның бас кеңсесінде базалық ғылым, ал бөлімшелерде эксперименталдық және өнеркәсіптік өндіріс шоғырлануы тиіс.

Бөлімшелер технологияларды енгізуге немесе экспортқа дайындау бойынша ғылыми-инновациялық орталықтардың функцияларын өзіне алуы тиіс, сонымен бірге олардың инфрақұрылымы шағын және орта бизнес үшін жетімді болып, әзірлемелерді әкімшілік, патенттік, конструкциялық-жобалық, маркетингтік, талдамалы қамтамасыз етуге ие болуы тиіс. ҰБО басты міндеті ғылыми әзірлемелерді коммерциялау және жеке бастаманы және мемлекеттік-жеке серіктестікті тарту есебінен өнімді рынокқа жылжыту.

 

Қазақстан Республикасы үшін биотехнологияны дамытудың бағыттары және

оларды шешудің өзектілігі және ҰБО зерттеулерінің объектісі болуы тиіс

 

Медицинада:

табиғи қосылыстар негізінде жаңа биологиялық белсенді заттарды және дәрілерді жасау және өндіру;

әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы жаңа буынның рекомбинанттық вакциналарын жасау. Қазір қолданылатын көптеген вакциналардан өзге олар улы емес және жанама әсері жоқ;

қағидаттық жаңа әсер ету тетігімен емдеу әдістерін жасау (гендік терапия, анти-мағыналық РНК, және с.с.);

тектілік, организмнің әртүрлі ауруларға генетикалық бейімділігі мәселелерін зерделеу. Генетикалық деректер базалары және халықтың генетикалық төлқұжаттарын жасаудың дүние жүзінде онкологиялық, жұқпалы және текті ауруларының өсуін ескерсек, елеулі маңызы бар;

аурулардың ерте диагностика әдістерін әзірлеу.

Ферменттік өнеркәсіп:

детергенттердің өндірісі үшін энзимдерді өндіру;

тоқыма өнеркәсібі үшін энзимдерді өндіру;

көмірсутек шикізатын өңдеу үшін энзимдерді өндіру;

сүт өнеркәсібі үшін энзимдерді өндіру;

басқа да энзимдерді өндіру.

Агроөнеркәсіптік кешенде:

жетілген қасиеттері бар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттарын жасау: биомассаның өсімі, аурулар мен күйзеліс, соның ішінде аридтік және күрт континентальды жағдайларға, тұздалған топыраққа бейімделген және т.б.;

ауыл шаруашылығы үшін зиянды микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарларға қарсы күрестің жаңа экологиялық таза әдістерін жасау.

Өңдеу өнеркәсібінде:

минералдық шикізат, мұнай мен газды өндіру және өңдеу процестеріне биотехнологиялық әдістерді енгізу.

Экологияда және қоршаған ортаны табиғаттағы адамзат қызметінің ластауынан және қалдықтарынан биологиялық әдістермен (биоремедиация) қорғауда, соның ішінде мыналар бойынша:

құрғақта және гидросалада мұнайлық ластаудың салдарларын жою;

улы сәулеленуді және Семей полигонының ракеталық-ғарыштық қызметке шалдыққан аумақтарын және су қоймаларындағы өнеркәсіптік қалдықтарының улылығын жою;

ірі қалаларда (Алматы қаласы) және өнеркәсіптік аймақтардағы шығатын газдардан және мұнай өндірген кезде факелдерде ілеспе газды өртеу кезінде пайда болатын шығарындылардан ауа смогын тазарту.

Биоқауіпсіздікте:

биотехнология өнімін тұтынуға жіберудің стандарттарын, ережесін және жағдайларын әзірлеу және енгізу;

генетикалық модификацияланған организмдер және олардан алынатын өнімдердің биоқауіпсіздігін критерийлерін, көрсеткіштерін және бағалау әдістерін айқындау;

гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік бақылау және реттеу жүйесін ұйымдастыру.

 

 

5. Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері және күтілетін нәтижелерi

 

§ 1. Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдерi

 

1 кезең: 2006 жылды Ғылым және инновациялық қызметті ұйымдастырудың жаңа моделін акциялау негізінде Ұлттық биотехнология орталығының қалыптасуы. Қазақстанда биотехнологияны дамытудың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететін жоғары технологияларды дамытуды және енгізуді ынталандыратын заңнамалық базасын дамыту.

2 кезең: 2006-2008 жылдарды 2006 жылдан бастап Тұжырымдама аясында «Қазақстан Республикасының биотехнологиялық кластерін қалыптастыру жолында осы заманға сай технологияларды өңдеудің 2006-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы» іске асады (әрі қарай - Бағдарлама).

2006-2008 жылдарға арналған Тұжырымдамасының іске асуының келесі бір кезеңі Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығының елордамыз Астана қаласының сол жағалауынан салынатын жаңа инфрақұрылымдық құрылыс болып табылады.

 

§ 2. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде Ұлттық биотехнология орталығы бәсекелестікке қабілетті, биотехнология саласындағы әлемнің ең жоғары стандарттарына сай ғылыми-зерттеу мекеме болады.

Қазақстанда ҰБО тұлғасындағы жетекшілікпен отандық биоиндустрия жасалады, отандық ғылымды қажетсінетін, жалпы танылған әлемдік стандарттарға сай биотехнологиялық кластердің өнімі әлемдік рынокта лайықты ұсынылады.

ҰБО-ның қуатты фирмаішілік ғылыммен ірі өнеркәсіптік корпорацияға айналуының барлық алғышарттары жасалады.

ҰБО нақты жасалған тізбек бойынша әрекет етеді - қолданбалы ғылым - эксперименталды өндіріс - енгізу. ҰБО филиалдарында ғылыми-зерттеу мекемелер жасалады, онда ҰБО әзірлемелері енгізіледі, жеке кәсіпкерлікпен бірлесіп отандық даму институттар және шетелдік капиталды тартумен өнеркәсіптік өндірістер ұйымдастырылады.

Қазақстандық ғылым әлемдікке ықпалдасады, ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың жаңа буыны тәрбиеленеді, биотехнологияның отандық мектебі жасалады.

Қазақстанда биотехнология өнімдерін қауіпсіз қолдануды мемлекеттік реттеу және бақылаудың айқын жүйесі әрекет етеді.

Биотехнологияның үлгісі бойынша басқа да салалардағы инновациялық процесі коммерцияланады. Инновациялық, жоғары технологиялық бизнес саласында кәсіпкерлікті дамытуда ынталандыратын қолайлы заңнамалық, инвестициялық инфрақұрылымдық бизнес-орта жасалады. Қазақстанның экономикасы жоғары ғылымды қажетсінетін технологиялардың дамыған индустриясымен минералдық ресурстарды терең өңдеуге бағытталады. Экономика тұрақты өсім және тиімділік аймағына жетеді.

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі нәтижесі халықты отандық биотехнологиялық өніммен қамтамасыз ету болады. Сонымен бірге мынадай мәселелер шешілетін болады:

әлеуметтік маңызы бар отандық биотехнологиялық өнімді жасау және жалпы өндірісі;

Қазақстан Республикасының өңірлері қатарында, сондай-ақ биологиялық және биотехнологиялық профильдің ғылыми-техникалық даму аумақтарында кадрларды сақтау және еңбекпен қамту мәселелерін шешу;

Биологиялық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу;

Жоғары сұранысқа ие өнім және қызметтер көрсетудің (тамақ, дәрі-дәрмек, диагностикумдар) перспективті, тұрақты, импорт алмастыру рыногын құру.

Белгіленген көрсеткіштерге жеткен кезде бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік тиімділігі елеулі болуы мүмкін (жоғары кірісті, ғылымды қажетсінетін процеске отандық кадрларды тарту, білікті кадрларды қалыптастыру, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету). Биотехнологиялық өндірістердің рентабельділігі және отандық өнімнің халықаралық рынокқа шығуына байланысты тұжырымдаманы іске асырудың жоғары экономикалық тиімділігі болжанып отыр.

 

 

6. Керекті қаражат көздері және көлемi

 

Қазақстан Республикасының ҰБО-ның даму инвестициялық жобаның техника-экономикалық негіздеуінің жетілдіруі республикалық бюджет қорынан 58,30 млн. теңге ақша көлемінде, 2005 жылы жүргізілген.

2006 жылдан бастап Тұжырымдама аясында «Қазақстан Республикасының биотехнологиялық кластерін қалыптастыру жолында осы заманға сай технологияларды өңдеудің 2006-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы» іске асады.

Аталмыш Бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджет қорынан бөлінетін ақша қаражаты 1433,00 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде:

2006 жылы - 450.0 млн. теңге; 2007 жылы - 477,0 млн. теңге; 2008 жылы - 506,0 млн. теңге (Республикалық бюджет комиссиясының 2005 жылы 29 шілдедегі № 14 шешімі, Үкіметтің «Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарына арналған орта мерзімді жоспары туралы» 2005 жылы 26 тамыздағы № 884 қаулысы).

Елордамыз Астана қаласының сол жағалауында Қазақстан Республикасының ҰБО-ның жаңа инфражүйелік құрылыстың басталуы, Тұжырымдаманың іске асуының тағы бір көрінісі болып табылады. Орталық құрылысына Республикалық бюджет айналымынан бөлінген қаражат шығыны шамамен 8496,34 теңгені құрамақ, соның ішінде: 2006 жылы - 600,00 млн. теңге; 2007 жылы - 4886,81 млн. теңге; 2008 жылы - 3008,53 млн. теңге. (Республикалық бюджет комиссиясының 2005 жылы 29 шілдедегі № 14 шешімі, Үкіметтің «Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарына арналған орта мерзімді жоспары туралы» 2005 жылы 26 тамыздағы № 884 қаулысы).

 

___________________________

* 2007-2008 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражатының көлемі «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңына сай республикалық бюджет комиссиясында айқындалып енгізіледі.

 

                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                       2006 жылғы 3 мамырдағы

                                           № 363 қаулысымен

                                                 қабылданған

 

Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға

арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

жоспары

 

р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Мерзім-

дер

Орындау-

шылар

Болжамды шығындар (млн.тг)

Қаржы-

лан-

дыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

Стратегиялық шаралар

1

Технологиялық менеджмент және биотехнология бойынша мамандарды дайындау жөніндегі бейінді ЖОО-да жаңа оқу пәндерін енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу

БҒМ

бұйрығы

2006 жылы қазан

БҒМ* (шақыру), ДМ*, АШМ*

Қаржы-

ландыру-

ды қажет

етпейді

  

2

Қазақстан Республикасы-

ның Ұлттық биотехнология орталығын мемлекеттің акционерлік қоғамдарының 100 пайыз қатысу жолымен акционерлеу

Қазақстан Республи-

касының Үкіметі-

нің қаулысы

2006 жылы маусым

БҒМ* (шақыру), ММЖК*, ҰБО*

Қаржы-

ландыру-

ды қажет

етпейді

  

3

ҰБО-ның Халықаралық ғылыми қоғамдарымен және ассоциация-

ларымен қызметтесуі

Бағдар-

лама басқару-

шысына есеп (БҒМ)

2006 жылы наурыз 2008 ж.

желтоқ-

сан

ҰБО

2,8

Дербес ақша қоры

4

Биологиялық қауіпсіздіктің мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды енгізу

Қазақстан Республи-

касының Үкіметіне ұсыныстар

2006 жылы қазан

БҒМ (шақыру), ИСМ*, ЭМРМ*, АШМ, ДМ, ҚОҚМ*, ҰБО, ҚМ ҰҚК (келісім бойынша)

Қаржы-

ландыру-

ды талап

етпейді

  

Инвестициялық саясат

5

"Қазақстан Республикасы-

ның Ұлттық биотехнология-

лық орталығын дамытудың" инвестициялық жобасын іске асыру

Қазақстан Республи-

касының Үкіметіне есеп беру

2006 жылы Қаңтар -

2008 жылы

желтоқ-

сан

БҒМ (шақыру), ЭБЖМ*,  Қазақстан Республи-

касының Үкіметі

8495,34 сонымен бірге жыл бойынша: 2006 -

600,00

2007 -

4886,81**

2008 -

3008,53**

РБ* 011

"Білім және ғылым объек-

тілер-

інің

құры-

лысы

мен

қайта

құры-

луы"

6

"Қазақстан Республикасы-

ның Ұлттық биотехнология-

лық орталығының" құрылысы

Қазақстан Республи-

касының Үкіметіне есеп беру

2006 жылы

желтоқ-

сан

БҒМ (шақыру), ЭБЖМ, ҰБО

2006 ж.-

600,00

РБ 011

"Білім және ғылым объек-

тілер-

інің

құры-

лысы

мен

қайта

құры-

луы"

7

Қазақстан Республикасы-

ның Ұлттық биотехнология-

лық орталығын"

инфраструкту-

раны дамыту, оның ішінде:

1) Training of trainers әдістемесін енгізу;

2) кадрлық қамтамасыз ету, білім алу мен біліктілікті жетілдіру

Қазақстан Республи-

касының Үкіметіне есеп беру

2007 жылы

желтоқ-

сан

БҒМ (шақыру), ЭБЖМ, ҰБО

4886,81** с.б.:

1) 143, 10**

2) 103, 32**

РБ 011

"Білім және ғылым объек-

тілер-

інің

құры-

лысы

мен

қайта

құры-

луы"

8

"Қазақстан Республикасы-

ның Ұлттық биотехнология-

лық орталығының" құрылысын аяқтау, оның ішінде:

1) "Қазақстан Республикасы-

ның Ұлттық биотехноло-

гиялық орталығының" ғылыми топтардың бастығы ретінде шетел ғалымдарын (Рh.D) тарту;

2) Зертханалар

мен кеңселердi

GMP, GLP, ISO;

үлгісінде стандарттау;

3) Training of trainers әдістемесін енгізу;

4) кадрлық қамтамасыз ету, білім алу мен біліктілікті жетілдіру

Қазақстан Республи-

касының Үкіметіне есеп беру

2008 жылы

желтоқ-

сан

БҒМ (шақыру), ЭБЖМ, ҰБО

3008,53** с.б.:

1) 207, 53**

2) 166, 00**

3) 143, 10**

4) 385, 94**

РБ 011

"Білім және ғылым объек-

тілер-

інің

құры-

лысы

мен

қайта

құры-

луы"

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

9

"Қазақстан Республикасы-

ның биотехнология бойынша кластерді қалыптастыру үшін қазіргі заманға сай технология-

ларды өңдеудің

2006-2008 жылдарға арналған" ғылыми-техника-лық бағдарлама-

сының бекітілуі"

Қазақстан Республи-

касының Үкіметі-

нің қаулысы

2006 жылы сәуір

БҒМ (шақыру),  ҰБО

1433,00 соның ішінде жыл бойынша 2006 -

450,0

2007 -

477,0**

2008 -

506,00**

РБ 002 "Ірге-

лі және қолдан

-балы

ғылыми

зертт-

еулер"

10

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

11

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

12

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

Бағдарламаның негізгі тапсырмалары

13

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

14

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

15

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

16

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

17

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

18

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

19

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

20

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

21

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

22

ҚР Үкіметінің 2006.15.06. № 554 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)